411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы БҰҰ экс-басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

  • 227
  • UPD: 20:50, 05.03.2020
Елбасы БҰҰ экс-басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті перулық дипломат пен саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына жаңа мүше болып қабылдануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэльяр біздің еліміздің осы Ұйымға қосылу процесіне үлкен еңбегін сіңірген тұлға», - делінген жеделхатта.

«Осынау азалы сәтте саясаткердің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымындағы әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын», - делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолданған жеделхатта.

 

Хабар 24 телеарнасы