427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық көмек үшін Джек Маға алғыс білдірді

  • 283
  • UPD: 18:29, 11.04.2020

Әлемге әйгілі қытайлық кәсіпкер Джек Ма елімізге медициналық қорғаныш заттарын жөнелтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Джек Ма» және «Alibaba» қорларының 4 жарым тонна гуманитарлық көмегі Бішкек арқылы Алматыға жеткізілді. Оның ішінде 500 мың маска, 5 мың қорғаныш киім, 50 мың медициналық қолғап және термометрлер бар. Бұдан бөлек, аталған қайрымдылық қорлары жуық арада Қазақстанға коронавирусты анықтайтын экспрес-тестер мен науқастардың дем алуына арналған жасанды желдеткіш аппараттарын жіберуді де жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін елімізге Түркия мен Жапониядан арнайы гуманитарлық көмек келген болатын.

 

Ерлан Ысқақов, ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі:

– Гуманитарлық жүк Қырғызстан арқылы жеткізілді. Бұл заттар еліміздегі СК «Фармация» ұжымы арқылы Қазақстанның барлық емханасына үлестірілмек. Бұл Қытайдағы белгілі компанияның көмегі. Соңғы екі жетіде Қытайдың өзге де аймақтарынан осындай көмек жасалды.

Осыған орай, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында қытайлық кәсіпкер Джек Маға жомарттығы үшін алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы