383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швейцарияны мерзімінен бұрын жеңді

  • 594
  • UPD: 23:28, 03.02.2018

Қазақстанның теннис құрамасы Дэвис кубогының әлемдік тобындағы 1/8 финалында Швейцария командасымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ұжым соңғы үшінші ұпайға жұптық матчта қол жеткізді.

Қазақстан Дэвис кубогының әлемдік тобында Швейцария командасымен кездесетіні туралы былтыр күзде белгілі болған еді. Көптен күткен матч бүгін Ұлттық теннис орталығында өтті. Отандық спортшылар жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп, жеңіске қол жеткізді. Швейцариялықтар Астанаға бірнеше күн бұрын келген. Біздің теннисшілер де 2 аптадай қызу дайындық жүргізді.

Диас Досқааев, Қазақстан қомандасының капитаны:

- Федерер мен Вавринка келмегенімен, ойын біз үшін жеңіл болған жоқ. Бейсенбіге дейін уақыт бар. Олар әлі де матчқа қатысуы мүмкін. Біз алдағы тартыс қызу өтеді деген ойдамыз.

Жеребе салудың нәтижесінде алғашқы болып 21 жастағы Дмитрий Попко өнер көрсетті. Оның қарсыласы АТР рейтингіндегі 123-орынға жайғасқан Швейцария командасының капитаны Генри Лааксонен. 4 сеттің қорытындысы 6:2, 7:6, 3:6 және 7:5.

Дмитрий Попко, ҚР теннис құрамасының мүшесі:

- Мен бұл матчқа ұзақ дайындалдым. Екі апта бұрын келіп жаттықтым. Өткен аптада сәл ауырып қалғаным болмаса, бәрі жақсы өтті. Кеше нашар тамақтанғанымнан болар, 3-сетте қиналдым.

Екінші ұпай құраманың көшбасшысы Михаил Кукушкиннің еншісінде. Бірінші сетте жеңілген ол қалған үшеуінде алға озды. Ал Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин шетелдік спортшылар Луку Маргароли мен Марка-Андреа Хуслераны артта қалдырып, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Енді кубоктың ширек финалында біздің теннисшілер Канада немесе Хорватия командаларымен кездеседі. Бұл ойын сәуірдің 6-сы мен 8-і аралығында өтеді.

Болат Өтемұратов, Қазақстанның теннис федерациясының президенті:

- Осымен біз 11-рет жеңіске жетіп отырмыз. Әлемдік топта 7 жыл ішінде біз бір-ақ рет жеңілгенбіз. Сондағы қарсыласымыз Чехия құрамасы болған. Теннис жанкүйерлерін шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің спортшыларға қолдау көрсеткен азаматтардың барлығына алғыс білдіремін.

Команда капитандарының келісімі бойынша ойынның үшінші күнінде алаңға жас теннисшілер шығады. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Лариса Гречихина, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы