Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


И.Бадрутдинов: Алғашқы Олимпиадам болғандықтан қобалжыдым

  • 384
  • UPD: 23:18, 17.02.2018
<span class=favorites>И.Бадрутдинов: Алғашқы Олимпиадам болғандықтан қобалжыдым</span>

Қазақстандық фристайлшылар қысқы Олимпиада ойындарын аяқтады. Таяуда Пхенчхандағы «Феникс парк» кешенінде акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу сайыстары өтті. Еліміздің атынан бұл сынға Ильдар Бадрутдинов шықты.

Тұңғыш олимпиадасына қатысқан оңтүстік қазақстандық спортшы финалдық сайысқа өте алмады. Алғашқы іріктеуде 25 акробаттың арасында 19-орыннан көрінген жерлесіміз 89,18 ұпай алды. Екінші іріктеу сынында Ильдар нәтижесін жақсарта түсіп, 15-сатыға жайғасты. 94,47 ұпай алған Қазақстандық акробат жеке рекордын жаңартты. Алайда Бадрутдинов үздік 12 спортшының қатарына ілінген жоқ. Енді фристайлшылар 19 ақпанда елге оралады. Сосын Беларусь елінде өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен Швейцариядағы Еуропа кубогына қатысады. Ильдар Бадрутдинов сол жарыстарда үздік үштіктен көрінсем дейді. Ерлер арасындағы фристайл акробаттан финалдық сын ертең өтеді. 

Ильдар Бадрутдинов, фристайл акробатикадан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Жоспардағы элементтерді орындап, ойымдағыдай секіріп шықтым деп ойлаймын. Берілген ұпай да жақсы. Алғашқы Олимпиадам болғаннан кейін басында қобалжулар болды. Бірақ жарысқа шыққаннан кейін қорқыныштың бәрі артта қалды. Биылғы сайысқа күрделі элементтерді қостым. Жеңіл бағдарламамен секіріп жүрген едім. Жалпы мен бұған дейін мұндай бағалар алып көрген жоқпын. Олимпиадалық трасса тамаша екен.

Хабар 24 телеарнасы