378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Giro d'Italia: «Астана» велошабандозы мәреге аз жер қалғанда құлап қалды

  • 357
  • UPD: 00:10, 11.05.2018
Giro d'Italia: «Астана» велошабандозы мәреге аз жер қалғанда құлап қалды

«Джиро Д Италия» көпкүндігінің бесінші кезеңі «астаналықтар» үшін сәтті бола қойған жоқ.

Мәреге бес шақырым қалғанда Қазақстандық команданың көшбасшысы Мигел Анхел Лопес құлап қалды. «Астана» капитаны жарақаттан аман, алайда жалпы есептегі басты қарсыластарынан 43 секунд қалып қойды. Андрей Зейц пен Луис Леон Санчес Лопесті алдыңғы топтың қатарына қосуға тырысты. Бірақ мәреге дейін қуып жете алмады. Бесінші кезеңде Италиялық Энрико Баттальин жеңіске жетті. «Астана» сапынан Пельо Бильбао он бірінші болып мәре сызығын қиды. Жалпы есепте Австралиялық Роан Деннис қызғылт жейдені сақтап қалды. Бильбао көшбасшыдан 25 секунд ұтылып, бесінші орында келеді. Таяуда «Джирода» 164 шақырымдық алғашқы таулы кезең өтеді.

Хабар 24 телеарнасы