380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Giro d'Italia: «Астаналық» велошабандоз екінші келді

  • 239
  • UPD: 18:17, 21.05.2018

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Джиро д Италия» көпкүндігінің 15-кезеңінде көзге түсті.

Колумбиялық велоспортшы 176 шақырымдық сында мәреге екінші болып келді. «Астана» жігіті 15-кезеңде топ жарған британиялық Саймон Йетстен 41 секунд қалып қойды. Бес бірдей қиын асулары бар бұл кезеңде шын мықтылар суырылып алға шықты. Сосын Саймон Йетс пен Мигель Анхель Лопес шабуылға шығып, қарсыластарын тексеріп көрді. Кейін Саймон өзгелерді шаң қаптырды. Британиялық велоспортшы осы жеңісінен кейін жалпы есепте басты қарсыластарынан ұзай түсті. «Астана» капитаны Мигель Анхель жалпы есепте бесінші орынға жайғасты. Ол қызғылт жейденің иесінен 4 минут 27 секунд ұтылып келеді.

Хабар 24 телеарнасы