389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға жасырын келген

  • 783
  • UPD: 12:33, 28.01.2019
Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға жасырын келген

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді.

Спортшы сапарында «Таңшолпан» балалар үйіне барды, деп жазады kaz.vesti.kz.

«Хабиб Нурмагомедов бізде қонақта. Иә, рас, әзіл емес. Чемпион біздің балаларымызды қуантып қайтты. Сөзінде тұрып, бізге келді. Осындай кездесу ұйымдастырған Сашаға рақмет. Тамаша болды», – делінген балалар үйінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Instagram желісіндегі patriotkaragandy паблигінде чемпион жетім балаларды спортпен айналысып, зиянды әдеттерден алысуға кеңес берді.

«Спортпен айналысып, салауатты өмір салтын жүргізіңіздер», – деді Нурмагомедов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Сондай-ақ Хабиб спортшыны жетімдер үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасы жұмыс істейтін дүкенге барып, шоколад сатып алып қайтты. «Хабиб оған көп назар аударылғанын қалаған жоқ, сондықтан ешкімге айтпай келді», – дейді Александр.

Хабар 24 телеарнасы