378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогында плей-офф кезеңіне өтті

  • 427
  • UPD: 19:05, 09.02.2019
Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогында плей-офф кезеңіне өтті Vesti.kz

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық команда Астанада өткен Азия/Океания аймағының жеңімпазы атанды. Финалда Қытай құрамасымен кездескен спортшыларымыз 2:1 есебімен жеңді.

Финал күні Қазақстан қоржынына бірінші жеңісті Зарина Дияс алып келді. Ол Сайсай Чжэнге қарсы өнер көрсетіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. 

Екінші ойында Юлия Путинцева Шуай Чжанға есе жіберді. Есеп 3:6, 6:3, 4:4.

Ақтық кезеңде жұп болып өнер көрсеткен Галина Воскобоева мен Анна Данилина Сайсай Чжэн және Ян Чжаосюаньмен кездесті. Бірінші айналымда қазақстандық қыздар 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші айналымда Воскобоева мен Данилина 6:0 есебімен қарсыластарды тізе бүктірді. Кездесу бір сағат 7 минутқа созылды. 

Хабар 24 телеарнасы