389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада әуесқойлар арасында қысқы футбол лигасы аяқталды

  • 556
  • UPD: 21:10, 17.03.2019
Астанада әуесқойлар арасында қысқы футбол лигасы аяқталды

Елордада әуесқойлар арасындағы футбол лигасының қысқы маусымдық ойындары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және осы кезеңде жеңіске жеткен командалар марапатталды. «Мұнда қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Үлкен-кіші болсын, мақсатымыз – барлығының басын біріктіріп, жақсы ойын көрсету», – деді лиганың төрағасы Ерлан Жарылқасынов. 2009 жылы құрылған клуб алғашында 4 командамен ойнай бастаған. Әуесқойлардың саны жыл сайын артуда. Бүгінде Астана қаласы бойынша 90, ал республика бойынша 360 команда бар. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында жеңген команда мамырда Барселона қаласында өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Ерлан Жарылқасынов, әуесқой футбол лигасының төрағасы:

– Қала чемпионаты алты лигадан құралады. А,В,С,D,E және ветерандар лигасы бар. 2016 жылы Еуропа чемпионы болғанбыз. «Есіл» командасы барып 32 мемлекеттің ішінде чемпион болып шықты. Былтыр үшінші орынды иелендік. Былтыр сондай-ақ футзалдан Еуропа чемпионы болғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы