379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бублик Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

  • 118
Бублик Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты bnews.kz

Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өтіп жатқан Abierto GNP Seguros турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші испаниялық Фелисиано Лопеспен кездескен. Матч Бубликтің пайдасына екі сетте аяқталды – 7:6, 6:3.

Енді жартылай финалда Бублик турнирдің басты фавориті америкалық Теннис Сандгренмен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы