379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда алғаш рет панкратионнан Қазақстан чемпионаты өтеді

  • 167
Нұр-Сұлтанда алғаш рет панкратионнан Қазақстан чемпионаты өтеді

Еліміздегі аралас жекпе-жек шеберлері елордаға ағылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет панкратоннан Қазақстан чемпионаты өтеді. Бас-аяғы 200-ден аса спортшы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Елордалық федерацияның бастамасымен биыл жеңімпаздарға арнайы белдіктер табысталмақ. Жекпе-жек 8 салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл бәсекеде ерлер, әйелдер және ардагерлер өзара бөлек сынға түседі. Айта кетейік, пан-кра-тионның дәстүрлі және элиталы түрлері бар. Қазақстан чемпионатында қос бағыт та қамтылған. Қазір жарысқа қатысушылар соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Мақсат Қадырбаев, қалалық панкратион федерациясы президентінің орынбасары:

– 2018 жылы шілдеде тіркеуден өтіп, қалалық федерация құрылды. Шамамен 2 айдан кейін қаланың бірінші чемпионатын өткіздік. Оның жеңімпаздары осы ҚР чемпионатына қатысуда. Бұл жарыс Италиядағы әлем чемпионатына іріктеу болып есептеледі.

Сағындық Мекеев, ҚР панкратион федерациясының президенті

– Мықты балаларымыз бар. Бірақ оларды әлемдік додаларға апара алмай қаламыз. Осы жылы министрлік тарапынан қолдау бар. Қауымдастық құрылып жатыр. Сондықтан алда жұмыс күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы