387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан футболшылары қыркүйектегі іріктеу кезеңін сәтсіз өткізді

  • 124
  • UPD: 14:03, 11.09.2019
Қазақстан футболшылары қыркүйектегі іріктеу кезеңін сәтсіз өткізді

21 жасқа дейінгі құрама ойыншылары 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізді. Алдымен құрлық чемпиондары Испаниядан 0:1 нәтижесімен ұтылған жерлестеріміз кеше Израильдің осал тұсын таба алмады. Жастарымыз қолда тұрған тең ойынды да жіберіп алды.

Израиль футболшылары екінші минутта есеп ашты. Эйлон Альмонг өз командасын алға жетеледі. Араға 20 минут салып, Қазақстан таразы басын теңестірді. Вячеслав Швырев мергендік танытып, ойынды қыздыра түскен еді. Голдан қуат алған алаң иелерінде алға шығатын мүмкіндік болды. Бірақ 29-минутта Акмаль Бахтияров пенальтиді қақпаға дарыта алмады. 83-минутта Израиль жастары жеңіс добын соқты. Томер Йосефи өз құрамасына маңызды үш ұпай сыйлады. Қазақстан жастары іріктеу турниріндегі келесі ойынын 10-шы қазанда Македониямен өткізеді.

Алматыда  қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан ұлттық біріншіліктің финалдық кезеңі басталды. «Арманыңа ұмтыл» деп айдар таққан жарыс 7-рет ұйымдастырылды. Бұған дейінгі жарыстарда жеңіске жеткен өрендер әлем футболының айтулы клубтарына барып Неймар, Торрес, Месси, Роббен секілді аладоп шеберлерімен жақын танысып, сұхбаттасуға мүмкіндік алған болатын. «Сан Сиро» мен «Камп Ноу», «Стэмфорд Бридж», «Олд Траффорд» секілді әлемге әйгілі стадиондарды көрген балаларды биыл «Сантьяго Бернабеу» күтіп тұр. Мадрид «Реалының» стадионын көру әркімге арман. Ал оған жету үшін осы жарыста оза шабу қажет. Финалдық кезеңде еліміздің әр өңірінен келген 12 команда бақ сынайды. Турнир жеңімпазы бір аптадан соң белгілі болады.

Елдос Ахметов, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы:  

- Шараға өзім екінші рет қатысып отырмын .Өткен жылы осы бүлдіршіндерді Париж қаласына ПСЖ командасына жібергенбіз. Өте бүлдіршіндер қуанып осы турнирдің бірінші күнінен бастап қатысып. Әрине біздің кезде мұндай мүмкіндік болмады. Мұндай жағдай болмады.  Сол себепті осындай шаруаны ойластырып шығарған адамдарға  көп-көп рахмет.

Ресейдің Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан алғашқы болып шаршы алаңға Бекзат Нұрдәулетов шықты. 81 келі салмақтағы жерлестіміз оңтүстік кореялық Хонг Ингден басым түсті. Бекзат қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Нұрдәулетов екінші кезеңде Венесуэла боксшысы Корбай Баррерамен жұдырықтасады. Жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді. Ертең шаршы алаңға Зәкір Сафиуллин шығады.

Хабар 24 телеарнасы