418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдиньо алты айға қамалады

  • 307
Роналдиньо алты айға қамалады prosports.kz

Парагвайдың Асунсьон қаласының соты «Алтын доп» иегері, бразилиялық экс-жартылай қорғаушы Роналдиньоны жалған құжаттар жасағаны үшін қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz Globo Esporte порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, сот Роналдиньо мен оның інісін тергеу барысында қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Бұл шара алты айға созылуы мүмкін.

Сондай-ақ сот Роналдиньоның інісін денсаулығына байланысты шығаруды құп көрмеді, өйткені оны растайтын құжаттар ұсынылмаған. Сот үйқамаққа алынған жағдайда, ағайындылардың қашып кетуі мүмкін екенін, ал Бразилия өз азаматтарын Парагвайға бермейтінін хабарлады.

Айта кетелік, Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Морейра Асунсьон әуежайында жалған төлқұжаттармен ұсталған. 5 наурызда Парагвайдың бас прокуроры бразилиялықтарды қамауға алуға санкция берді, бірақ келесі күні экс-футболшы қамаудан босатылды. Алайда бірнеше сағаттан кейін Роналдиньо Бас прокурордың өтініші бойынша тағы да қамауға алынды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы