418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдиньо футболға қайта оралуы мүмкін

  • 158
  • UPD: 22:56, 27.06.2020
Роналдиньо футболға қайта оралуы мүмкін Reuters

Бразилия құрамасымен бірге 2002 жылы әлем чемпионы атанған Роналдиньо карьерасын қайта жалғастыру мүмкін.

Оны «Химнасия» тізгінін ұстап жүрген Диего Марадона өз командасына шақырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz Marca басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша Марадона 2016 жылы карьерасын аяқтап кеткен Роналдиньоны командасында көргісі келеді екен.

«Алтын доп» иегері қазіргі уақытта шынымен де карьерасын қайта жалғастыруды ойластырып жатыр. 2016 жылы ол дәл осы «Химнасия» командасымен келісімшарт жасауға шақ қалған еді. Бірақ ол кезде келіссөзді жүргізген футболшының ағасы келісімге келе алмаған.

Дәл қазір аргентиналық клуб футболшымен ресми келіссөз жүргізбеген. Себебі, Роналдиньо Асунсьон қаласында үйқамақта. Оны Парагвай еліне кірген кезде жалған құжат пайдаланды деп айыптап жатыр. Бұл іс коронавирус індетіне байланысты тоқтап қалған.

Роналдиньо карьерасында «Барселонамен» бірге Испания біріншілігін және Чемпиондар лигасын, «Миланмен» Италия біріншілігін жеңіп алды. Ал 2015 жылы бразилия біріншілігінде «Флуминенсе» сапында, 2016 жылы Үндістанда шағын футбол ойнап, карьерасын аяқтады. Бразилия құрамасы сапында ол 97 кездесуге қатысып, 33 гол соққан.

Хабар 24 телеарнасы