428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Айдос Ербосынұлы келесі кездесуінде чемпиондық белдікке таласады

  • 445
  • UPD: 17:10, 04.08.2020

Айдос Ербосынұлы келесі кездесуінде чемпиондық белдікке таласады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекпе-жек осы жылдың соңында не келер жылдың басында өтуі керек. Бұл жөнінде кәсіпқой бокс шебері мәлімдеді. Оны Алматы әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Айта кетейік, жерлесіміз жуырда ғана өз атақтарын қорғады. Минск төрінде германиялық боксшымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Осылайша, WBO Global, WBC Asia және WBA International белдіктерін қорғап қалды.

Айдос Ербосынұлы, кәсіпқой боксшы:

– Алдағы мақсат - әлем чемпионы белдігін иемдену. Осы жылдың соңында не келер жылдың басында үлкен жекпе-жек болады. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Есімі құпия болып қала берсін. Жақындаған кезде білесіздер.

Айдостан бөлек, Алматыға ел абыройын асқақтатқан басқа да жерлестеріміз оралды. Оның ішінде «Сүлеймен Промоушнмен» жуырда ғана келісімге отырған Бек Нұрмағамбет, Нұрсұлтан Аманжолов және  Евгений Павловтар бар. Барлығы да жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтады. Тек жамбылдық Нұрсұлтан Жаңабаев қана есе жіберді. Салдарынан, аралық чемпиондық белдіктерінен айырылып қалды. Қалыптасқан жағдайға байланысты толыққанды жаттыға алмадық. Алдағы жекпе-жектерде бұдан да биік нәтижелер көрсетеміз,  дейді жерлестерімізді жаттықтыратын Қанат Орақбаев.

Қанат Орақбаев, жаттықтырушы:

– Дайындықты екі ай бұрын бастадық. Жаттығу Алматыда өтті. Промоутерлік компания барлық жағдайды істеп берді. Жалпы, жаман емес.

 

Хабар 24 телеарнасы