422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бавария» шабуылшысы коронавирусқа шалдықты

  • 141
«Бавария» шабуылшысы коронавирусқа шалдықты

Ақпараттар ағыны күн сайын кемінде бірер футболшының COVID-19 жұқтырғаны жайында хабарлап жатады.

Мысалы, өткен түнде «Реннге» қарсы ойнаған «Краснодардың» екі ойыншысы алаңға шыға алмады. Енді «Баварияның» шабуылшысы Серж Гнабридің де коронавирусқа шалдыққаны жайында айтылды. Демек ол бүгінгі «Атлетикоға» қарсы кездесуде өнер көрсетпейді. «Бавария» басшылары Гнабридің үй карантинінде екенін жеткізіп, спортшының жағдайы жақсы, қандай да бір жайсыздықты сезініп тұрған жоқ деп мәлімдеді. Бас бапкер Флик өзге футболшылар дін аман, чемпиондар лигасында ойнауға дайын дегенді айтты.

Хабар 24 телеарнасы