445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңырақ. Армян мәдени орталығы

  • 959

Армяндар Көкшетау қаласында бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жүзге тарта этностың бірі. Тарихи отандарынан жырақта жүрген олар өз салт-дәстүрлерін жаңғырту үшін мәдени орталықтарда түрлі шаралар ұйымдастырып тұрады. Қалалық емханада терапевт дәрігер болып қызмет істейтін Арминэ Тороян осы жерге келіп би билейді. Орталық ұйымдастырған шараларға уақыт табуға тырысамын дейді ол. Жалпы Ақмола облысы бойынша армян ұлтының 3 бірдей бірлестігі жұмыс істесе, Көкшетауда 75 армян отбасы тұрады. Бүгін біз солардың бірі 2008 жылы ресми тіркелген «Бари» армян мәдени орталығы жайлы сөз етпекпіз.

Хабар 24 телеарнасы