420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АЭФ-те жаһан жұртының әл-ауқат жағынан теңсіздік мәселесі талқыланады

  • 634
  • UPD: 09:02, 07.05.2018

17 мамырда басталатын Астана экономикалық форумында жаһанды алаңдатқан мәселелер талқыға түседі.

Атап айтқанда бірыңғай экономика әлемі аясында бай мен кедей арасындағы алшақтықтың ұлғайып бара жатқаны сөз болады. Oxfam дерегі бойынша 2016 жылы жаһандағы ең бай 62 тұрғынның дәулеті тұтас әлемдегі кедейлердің табысымен теңескен. Соған орай ауқаттылардың байлығы 44 пайызға өссе, тұрмысы төмендердің тапқаны керісінше 41 процентке кеміген. Йемен жұрты аштан қала ма деген үрейлі сұрақ форумдағы панельді отырыстың бірінде көтерілуі әбден мүмкін. Мысалы, «теңсіздіктің қарқынды өсуі, қаржылық сегрегациямен күрес» тақырыбы кезінде сарапшылар аталған теңсіздіктер туралы ой қозғайды. Француз саясаткері, елдің бұрынғы президенті Франсуа Олланд және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қатысатын дөңгелек үстелде шешімін таппай тұрған осы мәселе әңгімеге негіз болады. Модератор Ораз Жандосов, қатысушылардың бірі Малайзия үкіметінің бұрынғы министрі, PEMANDU бас директоры Идрис Джала болмақ.

Хабар 24 телеарнасы