384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ қатысушылары экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастырады

  • 256
  • UPD: 08:54, 08.05.2018

Әлемдік экономика үлкен сын-тегеуріннің алдында тұр. Сарапшылардың болжауынша, 2019 жылдан кейін жаһандық экономика қарқыны едәуір төмендеуі мүмкін.

Бұған қаржы ахуалының күрделенуі мен геосаяси текетірестер әсер етеді. Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, алдағы 20 жыл ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі жұмыс орындарының 50 пайыздан астамы автоматтандырылады. Ал бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың жаппай өріс алуына алып келеді екен. Осындай экономикалық дағдарыстан шығу жолы қандай? Бұл тақырып жуырда өтетін Астана экономикалық форумында жан-жақты талқыланбақ.   

Санат Кушкумбаев, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Қазақстан алдағы сын-тегеуріннің алғышарттарын елеусіз қалдырмай, мәселенің алдын алуға тырысады. Осы орайда Астана экономикалық форумы мен ондағы пікірталастар отандық сарапшыларға тиімді бағыт-бағдар сілтері анық.

Хабар 24 телеарнасы