426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған павильонын таныстырды

  • 1081

Италия ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындалып жатыр. Елдің сыртқы министрлігінде өткен жиында сәулетшілер өз жобалары туралы алғаш рет толыққанды ақпар беріп, ресми мәлімдеме жасады.

Тың жобалардың жалпы құны - 1 жарым млн евро. Халықаралық көрмеге энергетика саласында қарқынды дамыған ең ірі компаниялар келмек. Олар баламалы энергия көздерін табуға қатысты бірнеше жоспарымен таныстыруды діттеп отыр.

Италия павильонының жалпы аумағы 900 шаршы метр болады. Онда келушілерге 1940 жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі энергетика саласында жеткен жетістіктер туралы баяндалады. Павильон 4 бөліктен тұрады. Әрқайсысы энергия саласында өзіндік із қалдырған италиялық ғалымдардың есімімен аталады. Тақырыбы да алуан түрлі. Ақпарат бейнематериал түрінде беріледі. Безендіру жұмыстарымен сәулетші Паоло Дезидери айналысты. Оның есімі Қазақстанда да кеңінен танымал. Ол «Астана Опера» театрын жобалауға қатысқан. 

Паоло Дезидери, сәулетші:

- Біз бірінші кезекте келушілерге Италияның тарихынан, мәдениеті мен дәстүрінен хабар беруді көздейміз. Көрмеге қойлатын  жобаның барлығына үлкен шығармашылықпен қарадық. Виртуальды түрде жасалған жұмыстар да жұртшылыққа ерекше әсер қалдырады деген ойдамыз. 

Италия қазақ елінің ЭКСПО-ға шақыруын бірден қабыл алған мемлекет. Энергетикалық сектордағы 20 ірі компания осы саладағы өз жетістіктерін көрсетуге дайын отыр. Италия ежелден баламалы энергия көзін қолдайды. Себебі, бұл ел  өзгелер сияқты мұнай, газ қорымен мақтана алмайды. 

Иван Скальфаротто, Италия экономикалық даму министрінің орынбасары:

- Зеленая энергетика один из наших приоритетов. Біз жасыл энергетикаға  басымдық береміз. Осы бағытта жасалып жатқан италиялық технология әлемде үздік деп танылып жатыр. Бүгінде үлкен сұнанысқа ие. Баламалы энергиядан алынатын жарық бағасы да қолжетімді. Біз Қазақстан тарабына алғыс білдіреміз. Бұл тәжірибе алмасудың, жасыл энергетиканы насихаттаудың бірден-бір жолы болмақ. 

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 100-ден артық мемлекет қатысады. Италия осы елдердің бірқатарымен іскерлік байланыс орнатып, тиімді келісім шарттар жасауға ниетті.  

Авторы: Юлия Гончар

Хабар 24 телеарнасы