418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Франция павильоны таныстырылды

  • 1083

Францияның 8 жетекші компаниясы «ЭКСПО-2017» аясында технологиялық инновациялар көрмесін өткізеді.

Мұнда бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа автокөлік таныстырылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында павильонның бас комиссары Паскаль Лоро хабарлады. Ол павильон жобасын таныстыру барысында француз мамандары эко-қала, жаңғырмалы энергия және экологиялық көлік сынды 3 тақырыпқа басымдық беретінін айтты. Түрлі технология көрсетілетін бөлмелердің арасында галереялар орналасады. Еуропа елінің делегациясы екі ұлттық мерекесін атап өтуді жоспарлап отыр. Яғни көрме қонақтары маусымның 21-інде Франция, ал 14 шілдеде Бастилияны алу күндеріне қатыса алады.

Айта кетейік, француз халқы өзінің мәдени дәстүрлерін сақтауға көп көңіл бөледі. Сол себепті ауқымды шара аясында шетелдіктер музыка кешін өткізіп, халыққа кабаре мен цирк қойылымдарын ұсынады. Көрермен қауым әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің де туындыларын тамашалай алады.

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

– Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптес. Бізге ең үлкен павильондардың бірі берілді. Оның аумағы 1084 шаршы метр. Ғимараттың ішінде соңғы жылдары қол жеткізілген барлық инновациялық жетістіктерімізді көрсетеміз. Көрме нәтижесі бойынша көптеген қазақстандық компаниямен келіссөз жүргізіп, қос тарапқа да тиімді болатын жобаларды қолға алмақпыз. 

Хабар 24 телеарнасы