423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

12 шілде Германияның ұлттық EXPО күні болып жарияланды

  • 718

Астанадағы EXPО көрмесіне 3 мың мерекелік іс-шара жоспарланған.

Астана экономикалық форумы жəне шетелдік инвесторлар басқосуы сынды алқалы жиындарға қатысушылар қатарында германиялық іскер топ өкілдері де бар.

EXPО əлемнің түкпір-түкпіріндегі туристер ғана емес, шетелдік журналистер мен іскер топ өкілдері үшін де маңызды сәт. Патрик Бесслер Қазақстанға сапарға аттанбақ. Неміс журналының шеф-редакторы Астанадағы экономикалық форум жайында мақала жазбақ. Ол бұл еңбегіне тек əлемдік экономиканы ғана емес, сондай-ақ баламалы энергетика саласындағы соңғы жетістіктерді арқау етпек. Ал қажетті ақпаратты Астанадағы EXPО көрмесінде әр павильоннан табуға болады.

Патрик Бесслер журналист:

Мен Астанаға алғаш рет бара жатырмын. Жұмыс кестем өте тығыз. Қазақстанның министрлері, сондай-ақ халықаралық сарапшыларымен сұхбаттаспақпын. Қазіргі уақытта əлем назарын өзіне аударған Астанадағы EXPО көрмесін көргім келеді. Энергетика, білім, адам ресурстары сияқты маңызды мəселелерде Қазақстан өз болашағын қалай көретінін білгім келеді. Мен сіздердің оңтайлы табыстарыңыз жайлы көп естідім жəне Қазақстанға қуана-қуана барамын.

Көп ұзамай Астанаға неміс ірі инвесторлар тобы аттанады. Knauf, Deutsche Bank, BASF сияқты жетекші компаниялардың басшылары Қазақстанға ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысады. Кездесу EXPО аумағында өтеді. Бизнесмендер Астана инвестиция тарту орталығы жəне əлемнің түкпір-түкпірінен озық технологияларды көрсететін инвестициялық алаңға айналды деп отыр.

Петер Тильс, Deutsche Bank-тың атқарушы директоры:

– EXPО – Қазақстанның қаншалықты дамығанын жəне соңғы жылдары қандай жетістіктерге жеткенін көрсететін жоғары қуатты құрал. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен түрлі елдердегі серіктестер үшін сенімді бизнес алаңына айналды. Мен қазақ-неміс бизнес іскерлік кеңесін құрғанымызға мақтанамын. Бізбен бірге Қазақстанда инвестиция жасағысы келетін бірнеше компания келеді. Мен бұл апта біз үшін өте қызықты жəне жемісті болады деп санаймын.

Туристер нөпірі, сондай-ақ Германия кəсіпкерлерінің іссапарлары келесі айда да көбейетін түрі бар. 12 шілде Германияның ұлттық EXPО күні болып жарияланды. Неміс халқы мұнда өз мəдениетін таныстырып қана қоймай, баламалы энергетика саласындағы ноу-хауын ұсынады. Сондай-ақ қазақстандық бизнесмендермен тиімді келісімшарттарға қол қояды деген жоспарлары бар.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы