Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесіндегі өнертапқыштар жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды

  • 614

Жер-жаһанның назарын Астанаға аударған ЭКСПО көрмесі – өнертапқыштар үшін таптырмас алаң. Өйткені әлемнің үздік жобалары бір нысанда тоғысқан. Бұл мақсаттағы арнайы аймақта өнертапқыштардың жиырмадан астам жобасы бар.

Абылай Бөлегенов, нұсқаушы:

-Бұл акумулятормен жұмыс істейді. Ол аяғымның астында орналасқан. Бүкіл заряд 55 шақырымға жетеді. Оның максималды жылдамдығы –сағатына 25 шақырым. Бұл газ. Алдында тежегіш бар. Мына жақта артқы тежегіш.

Мыңның ішінен іріктеліп алынған жобалардың барлығы – энергетика саласындағы үздіктер. Мәселен, «Күнгей Рикша» деп аталатын арба көптің қызығушылығын тудырды. Әсіресе күн қуатымен жүретін көлік түріне отыруға кішкентайлар кезекке тұрған.

БЛИЦ:

-Біз Павлодардан ЭКСПО көрмесін көру үшін арнайы келдік. Павильондардағы технологиялар қызықты екен. Әсіресе «Рикша» арбасымен көрмені аралып шықтық.

-Керемет. Маған қатты ұнады. ЭКСПО-ға тағы келгім келеді.

Өнертапқыш студенттердің тырнақалды туындысы күннен қуат алады. Ал жауынды күндері аккумуляторды тоқпен қуаттап алсаңыз жеткілікті. Айтпақшы, үздік тәжірибелер аймағына келіп жатсаңыз, нұсқаушылар сізді мына арбамен көрме аумағында тегін қыдыртады.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы