430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҚДБ өкілдері EXPO көрмесінен алған ерекше әсерлерімен бөлісті

  • 769

Еуразиялық қайта құру және даму банкі өкілдерінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінен алған әсері ерекше.

Еліміздің «жасыл энергия» бағытында ауқымды қадам жасай алатынына да сенімді. Өйткені олар екінші күн электр станциясына инвестиция құйып жатыр.

Агрис Прейманис, ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры:

– Менің ойымша, Қазақстан Президенті, Үкімет және халық осы күнге жеткен жетістіктерімен қуана да, мақтана да алады. Дей тұрғанмен мойынға жүктелген міндет жеңіл емес. Ал болашақтың энергиясы мен «жасыл экономика» төңірегіндегі тақырыптар өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бүкіл әлем Қазақстанның адуынды қадам жасап, қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту бойынша аймақтың көшбасшысына айналуын күтіп отыр десем, артық айтқандық болмас. Еуразиялық қайта құру және даму банкі бұл процестің құрамдас бөлігіне айналғандығын мақтанышпен айта алады. Осылайша Қазақстандағы екінші күн электр станциясы қуаттылығы 50 МВт болатын «Бурное Cолар-2» бойынша келісімшартқа қол қойды. Бұл, әрине, басқа инвесторларға да үлгі болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы