383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017 Қазақстанның «жасыл» технологиясының дамуына ерекше серпін берді

  • 598

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдары мен Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының айтуынша, халықаралық шараның маңызы мен тиімділігін бағалайтын кезең жаңа басталды.

Алдағы уақытта баламалы қуат көздерін өндіру ісі тіптен қарқын ала түспек. EXPO көрмесіне Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары 9 серпінді жоба ұсынған. Енді оны өндіріске енгізу жағы қаралмақ. Бүгінгі күннің өзінде EXPO көрмесі өзінің нәтижесін беріп жатыр. Біріншіден, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында мәртебесі бұрынғыдан да арта түсті. Екіншіден, елдегі туризм индустриясының тамырына қан жүгірді. Мәселен, халықаралық шара кезінде Астанаға 5,5 млн-ға жуық адам келді. Саяхатшылар тек Елорданы ғана емес, сонымен қатар қазақ жерінің көптеген көрікті орындарын аралады.

Самат Қайратұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы:

- Біздің мемлекетіміздің болашағын айқындау ретінде осы ғылыми техникалық саланы дамыта отырып, EXPO «жасыл» энергетиканы, табиғаттың күштерін пайдалану арқылы өзіміздің индустриалды деңгейді, білімді, ғылымды дамыту, жастарды осы салаға бағыттау мақсатында серпін күш береді деп ойламын.

Хабар 24 телеарнасы