383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Че Джун Хо: EXPO-дағы «Нұр әлем» павильоны өте ұнады

  • 464

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында еларалық мәдени және технологиялық байланыс орнады. Бұл пікірді Оңтүстік кореялық компанияның бас менеджері Че Джун Хо айтып отыр.

Астанада өткен көрмеде оның мердігерлік ұйымы Катар павильонының құрылысымен айналысқан. Че Джун Хо бірнеше ай Қазақстанның астанасында тұрып, жұмыс істеді. Сол уақытта көрменің барлық павильонын көріп, «Нұр Әлем» кешенін ұнатыпты. Айтуынша, астаналық ЭКСПО басқа елдердің көрмесіне қарағанда келушілерге жайлы жағдай жасай алды.

Че Джун Хо, басқарушы компанияның бас менеджері: 

- Астанада өткен көрменің қызметкерлері өте жігерлі және қайратты болды. Менің ойымша, дәл осы себепті кез келген павильон жайлы керекті мәліметтерді білу оңайға соқты. Ал қатты ұнағаны шар тәріздес Қазақстанның кешені. Ол тек павильон емес, болашақтың энергиясын көрсететін экранға айналды. Сондай-ақ Астананың жылы шырайлы тұрғындары есімде қалды. Олармен оңай тіл табысып, жақсы әсерде қалдым.

Хабар 24 телеарнасы