383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездесті

  • 609
Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездесті

Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылының мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екеніне тоқталып, мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және сапар аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін тиімді құқықтық орта қалыптастыру жұмысын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сенатының Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Польшаның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Елбасы олардың үздік оқуына тілектестік білдіріп, алған білімдерін өз елінің игілігіне пайдалануға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы