376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: ҚХР-дың Қырғызстандағы Елшілігіне жасалған лаңкестік шабуылды үзілді-кесілді айыптаймыз

  • 987
ҚР СІМ: ҚХР-дың Қырғызстандағы Елшілігіне жасалған лаңкестік шабуылды үзілді-кесілді айыптаймыз kapital.kz

30 тамызда Қырғызстан астанасы Бішкекте орналасқан Қытай Елшілігінің маңындағы лаңкестік әрекетке қатысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Террористік акт ретінде танылған Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылды үзілді-кесілді айыптаймыз.

Аталған қылмысты егжей-тегжейлі тергеу мен кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша қырғыз тарапының шешімділігін қолдап отырмыз.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігіне қайта назар аударудамыз. Терроризмнің кезкелген нысандары мен көріністеріне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдеп, аталған қастыққа қарсыласудағы халықаралық жігердің біріктіруіне шақырамыз», - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Хабар 24 телеарнасы