389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде жаңа білім ошағы пайдалануға берілді

  • 1955
Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде жаңа білім ошағы пайдалануға берілді

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде жаңа білім ұясы пайдалануға берілді. Бұған дейін апатты деп танылған №172 орта мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қайта салынды. 300 орындық сәулетті оқу ордасының құрылысына 630 миллион теңге жұмсалған. Жалпы облыс бойынша апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд 44 млн теңге бөлінді. Бүгінде аймақта 12 мектептің құрылысы басталып, жыл соңына дейін олардың бесеуі пайдалануға берілмек.

Сыр елінде биылғы оқу жылында өңірдегі 299 мектептің табалдырығын шамамен 19 мыңнан астам бүлдіршін аттап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 6 мыңға артық. Бірінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұнда білім алады және бірыңғай мектеп формасы енгізілген. Облыс мектептеріне қажетті кітаптар толығымен оқушыларға үлестірілді.

Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:

- Ендігі жылдың I жартыжылдығында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі өз шешімін табады. Айта кеткен жөн, соңғы 3 жарым жыл ішінде облыстық білім басқармасының бюджеті 2 жарым есе өсті. Қазір білім басқармасының бюджеті 78 млрд теңге. Сондықтан Елбасының берілген тапсырмалары Сыр елінде үлкен ыждаһаттылықпен, тиянақтылықпен орындалып жатыр деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы