378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «ЖасStart» спорт фестивалі басталды

  • 490
Астанада «ЖасStart» спорт фестивалі басталды

Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда спорт пен салауатты өмір салты фестивалі ашылды. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды. Шара кешкі 18.00-ге дейін жалғасады, сондай-ақ ертең сағат 10.00-18.00 аралығында өз қонақтарын күтеді.

Сондай-ақ елордада спорт тауарларының жәрмеңкесі өтуде. Мұнда спорт тауарлары мен киімдер туралы ақпарат алуға, жаттығу құралдарын сынап көріп, сатып алуға болады, елордалық спорт федерациялары жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары өтеді. Мұнымен қоса, қатысушыларға қаладағы фитнес-клубтар мен спорт ұйымдары туралы мәліметтер ұсынылады. 

Хабар 24 телеарнасы