386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының әкімі кәсіпкерлерге ескерту жасады

  • 585

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жалақыны төлемеген жұмыс берушілерді жазалаудың жаңа жолын тапты. «Өйткені қарапайым жұмысшының ақысын жеп, заңды пысқырмайтын басшылар көбейіп бара жатыр», - дейді ол.

Еңбек инспекциясының мәліметінше, соңғы 8 айда 836 кәсіпорын тексеріліп, 1800-ден астам азаматтың шағымы қаралған. Тексеру қорытындысы бойынша, 1331 құқықбұзушылық анықталып, 233 заңды және лауазымды тұлғаға 30 млн теңге айыппұл салынған. Бірақ бұл да жеткіліксіз болып тұр. Сол себепті әкім мұндай «батырларды» баспасөз арқылы барынша жариялап, әжуалау керек деп тапсырма берді. Сондай-ақ қоластындағы азаматтардың ахуалын түсініп, сезіну үшін жауапсыз басшыларды жөнге қоюдың және бір жолын айтты.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі:

- Сот шешімі арқылы жұмыс берушінің үйінің жылуын, жарығын сөндіріп тастау қажет. Жалақыны барлық жұмыскерлерге берген соң ғана қайта қосу керек. Сонда ғана жұмыс беруші кәсіпкерлер қызметкерінің жағдайын түсінеді. Әр жұмысшыға жауапты екенін сезінеді.

Хабар 24 телеарнасы