389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Павлодар облысының күндері өтеді

  • 654

Елордаға Павлодар облысынан 700 тонна ауылшаруашылық өнімдері әкелінеді. Аймақтың әйгілі картобынан 300 тонна, құнарлы етінен 90 тонна және де өзге көкеніс түрлері, сүт өнімдері 24-25 қыркүйекте өтетін жәрмеңкеде арзан бағамен сатылады. Жәрмеңке «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңындағы алаңда өтеді. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір қуатты Қазақстан» акциясымен тікелей байланысты. Облыс басшылығы биыл 1,5 миллон тонна ауылшаруашылық өнімдерін жинаймыз деген ойларымен бөлісті. Қорыта айтқанда, 800 мың тонна бидай, 140 мың тонна майлы дақылдар және 640 мың тоннадан астам картоп жинамақ.

Бауыржан Қасенов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

- Біздің аймақ өзін 85 пайызға азық-түлікпен қамтып келеді. 285 өңдеу нысаны және 204 дайындау кәсіпорны бар. Осының барлығы өңірді керек-жарақпен қамтып отыр. Павлодар облысының брендтік өнімдері деп картоп пен сәбізді айтуға болады. Бұл көкеністер өзіміз түгілі өзге елдерде де жоғары сұранысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы