386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

  • 625
Жамбыл облысында болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды фото: ustinka.kz

Жамбыл облысында мұнай өнімдерін сақтайтын қоймада болған алапат өрттен зардап шеккендердің тағы біреуі көз жұмды. Біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы берген мәлімет бойынша қайтыс болған адам Меркі ауданындағы қоймада дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде оның денесінің 90-100% бөлігі күйіп қалған еді. Ол ауруханада ес жимастан бақилық болды

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні Меркі ауданында мұнай өнімдерін сақтайтын қоймада өрт болған еді. От АИ-92 бензинін құю кезінде шыққан. 60 тонналық темір жол цистернасы мен екі бірдей резервуар отқа оранып үш адам зардап шеккен болатын.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы