387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдағы апаттардың 70 пайызына көлік жүргізушісі себепкер

  • 562

Жыл басынан бері елімізде 10 мыңға жуық жол апаты болған.

Соның салдарынан 11 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың есебіне сүйенсек, оқиғалардың 70%-ына көлік жүргізушісі себепкер болғаны расталды. Биыл 28 мың жүргізуші көлік айдау құқынан айырылған. Ал, 21 мың азамат мас күйінде көлік тізгініне отырғаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, ел ішінде көлік ұрлау қылмысы да тыйылмай тұр.

Қалмұханбет Қасымов ҚР Ішкі істер министрі:

- Биыл 500-дей автокөлік ұрланған. Ол 10% аз былтырғы жылдан. Оның ішінде 50% ұрлықты біз анықтап, қазір сотқа жібергенбіз. Ең көп ұрланатын автокөлік ол – ВАЗ және «Тойота». 

Хабар 24 телеарнасы