386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 36 көп қабатты тұрғын үй жылу қабылдауға дайын емес

  • 601

Шымкентте аяқ астынан күн күрт суытып, қар жауды.

Бұл қыс қыр астында деп жүрген сала мамандарын біраз әбігерге салды. Дегенмен, қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен балабақшалардағы дербес жылу қазандықтары іске қосылған. Мекемедегілер тұтынушылардан өткен жылдан қалған 91 миллион теңге қарызын жинай алмай жүргенде, жаңа маусым да басталды. Ал, қалаға жылу беретін «3-ші энергоорталық» «ҚазТрансГаз» компаниясы алдындағы 1 миллиард теңгеден астам қарызын кесте бойынша төлей бастады. Қаладағы 2 278 көп қабатты үйдің 95 пайызы жылу қабылдауға дайын. Ал, қалған үйлер мен жылу жүйелерін алмастыру және магистральдарды жаңғырту жұмыстары 20 қазанға дейін толық аяқталады, - дейді мамандар. Мекеме басшылары қандай қиындық болса да, қалаға 25 қазанда жылу береміз, - деп отыр.

Талғат Қасымбеков, қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бұл жұмыстар қаланың құбырларын сумен толтыруға ешқандай кедергі жасап жатқан жоқ. Жұмыстар 20-на дейін толық жүйе толтырылып, 25-і жылыту маусымын бастаймыз деп отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы