384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының елді мекендеріне сапалы ауыз су жеткізіліп жатыр

  • 1783

Маңғыстау облысындағы елді мекендерінің 53%-ы жыл аяғына дейін ауыз сумен қамтылады.

Ақшүкір және Тұщыбек ауылдарының тұрғындары енді таза тіршілік нәрін тұтынатын болады. Осы мақсатқа және тағы 5 жобаны аяқтау үшін мемлекеттік бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп отыр. «Каспий» су тазалау зауытының жаңғыртылуы ауыз су тапшылығын жоюға сеп болмақ. Келер жылдың көктемінде кәсіпорында 5 тазалау қондырғысы іске қосылады.

Ауыл тұрғыны Дәулетберді Меңдібай құлпыра өскен құлпынайларына марқая қарайды. Ол жауынсыз мезгілдің өзінде Маңғыстау топырағына кез келген жеміс-жидекті қаулатып өсіруге болатынын айтады. Тек тіршілік нәрі келіп тұрса болғаны. Орталықтандырылған су жүйесіне қосылғалы бері зайыбы Лайық апаның да күнделікті тірлігі жеңілдей үскен.

Лайық Меңдібаева, ауыл тұрғыны:

- Водовозбен су таситын едік. Құдығымыздан суды үйге таситын едік. Үйден сыртқа таситын едік. Қазір бәрі жақсы, үйге су келіп тұр.

10 мыңдай тұрғын қоныстанған ауылда су құбыры мен сыйымдылығы 2 мың текше метр су қоймасы өткен жылы салынған болатын. Мұнайлы және Қарақия аудандарына тіршілік нәрі «Каспий» тұшыту зауытынан келеді. Қазір мұнда жаңғырту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорын басшылығы жаңа мүмкіндіктер жайында мақтанышпен айтады. Жаңадан орнатылған 5 қондырғының арқасында зауыттың Орта Азияда теңдесі жоқ. Алғашқы 2 қондырғы қарашаның аяғында іске қосылады.

Владимир Мурашко, зауыт директоры:

- 2017 жылдың наурыз айында тәулігіне 20 мың текше метр су шығаруды жоспарлап отырмыз. Оған қазіргі 10 мың текше метрді қосыңыз. Келер жылы біз Мұнайлы мен Қарақия аудандарын толық қамтып, Ақтаудың солтүстік бөлігіне және Ақшүкір мен Шапағат ауылдарына да су бере аламыз.

Биыл облыс елді мекендерін сумен қамту көрсеткіші 53% құраса, келер жылы 60% жетеді. Тағы 4 елді мекен таза ауыз суға қол жеткізеді.

Сапар Аманбеков, облыстық энергетика және ткш басқармасының басшысы:

- Жалпы Маңғыстау облысы сумен қамтамасыз ету бойынша 3 су көзінен алынады. Біріншісі «ҚазТранОйл Маңғышлақ» су жүйесі, екіншісі теңіз суын тұшыту арқылы, үшіншісі жергілікті жерасты сулары. Тәулігіне жалпы көлемі 104 мың текше метр су пайдаланып отырмыз.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылға қарай орталықтандырылған су жүйесіне қосылған елді мекендер 86% жеткізілмек.

Авторлары: Тамара Степанова, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы