383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей және Еуразия халықтарының тұңғыш форумы өтті

  • 642

Қазақ еліндегі ұлтаралық татулық өзге мемлекеттерге үлгі.

Себебі бұл мәселе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей назарында. Мәскеуде өткен Ресей және Еуразия халықтарының тұңғыш форумында, көрші елдің саясаткерлері осындай пікір айтты. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мәртебелі мейман ретінде қатысты. Форум Ресейдегі халық бірлігі күні қарсаңында өтіп отыр. Отырыста Еуразия кеңістігіндегі халықтардың достығы мен бірлігі сараланып, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жандандыру жайы талқыланды. Осы шараның аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Ресейдің ұлт істері жөніндегі федералды агенттік төрағасымен, Ресей Президенті әкімшілігінің орынбасары және Мемлекеттік Дума депутаттарымен бірқатар кездесу өткізді.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Елбасы Ассамблеяны құрып қана қойған жоқ, тікелей өзі басқарып отыр. Бұл Ассамблеяның мәртебесін ғана емес, осы сұрақтың стратегиялық маңызын айқындап отыр. Әр мемлекетте тұратын этностың өкілдері, өздерін сол мемлекеттің азаматы ретінде түсінген кезде ғана бірлігіміз мықты болады. Сондай негізгі идеяның бірі Ресейде, басқа көрші мемлекеттерде де талқыланып, толықтай қабылданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы