383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда Facebook басшысына қатысты тергеу басталды

  • 978

Мюнхен прокуратурасы Facebook басшысына қатысты тергеуді бастап кетті.

Марк Цукерберг ұлтаралық араздық пен өшпенділікті өршітті деп айыпталып жатыр. Қылмыстың істің ашылуына желі қолданушыларының зорлық-зомбылық пен терроризмді насихаттауы себеп. Ал әлеуметтік желі әкімшілігі мұндай пікірлерді алып тастамайды немесе жазуға тыйым салмайды дейді айыптаушы. Айта кетейік, қорғаушы Чон Чхан Чу осы әлеуметтік желіге қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған талап қойды. Ол неміс заңын бұзған 400-ге жуық оқиғаны жинаған. Қазірдің өзінде Германиядағы желі қолданушылары жауапқа тартылып жатыр. Бұдан былай ғаламторда балағаттап, қоқан-лоққы көрсеткендер бірнеше мың еуро айыппұл төлейді. Ал тағдырдан теперіш көрген босқындар түрлі сайттың құрбаны ғана емес, өмірде де қиын жағдайларға жиі ұшырап жатады. Германияда жыл басынан бері олардың жатақтарына 832 рет шабуыл жасалған. Айта кету керек, екі жыл бұрын, яғни көші-қон дағдарысына дейін мұндай оқиғалар жылына 200-ден аспайтын.

Томас Нойендорф, Берлин полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Егер кімде-кім осы әлеуметтік желіде тәртіп бұзса, Facebook өкілдері бізге сол адам жайлы деректерді беру үшін заңға сәйкес, іс қозғаймыз. Жақында бір желі қолданушысын тексердік. Компьютері мен телефонын тәркіледік. Мұндай жағдайларда Facebook өкілдерімен тығыз жұмыс істейміз. Тікелей сауал жолдаймыз. Бірақ біздің жұмыста жылдамдық маңызды. Сондықтан бізге тез жауап бергенін қалаймын.

Хабар 24 телеарнасы