389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жолда қалған жүк көліктері құтқарылды

  • 630

Сарыарқаның сары аязы қысқан кешегі түнде Ақмола облысында жолда қалған 10 шақты көлік құтқарылды.

Олардың көбісі - жүк көліктері. Арасында жеңіл автомобильдер де бар. Жолаушылар мінген темір тұлпарлардың дизель майы қатты аязда қатып қалған. Абырой болғанда, «ҚазАвтоЖол» мекемесінің қызметкерлері оларды аман-есен құтқарып, дереу алғашқы көмек көрсетіпті. Жолда қалған жүргізушілер арасында Қазақстанға жүк тасып жүрген шетелдік бірнеше азамат та бар екен. Мамандар, оларға міндетті түрде жәрдем берілетінін айтады. Атап айта кетейік, елге ескерту ретінде алдын ала жасалған дабылды хабарламаға құлақ асып, қолайсыз күн райында жолға шықпаған абзал.

Талғат Смағұлов, «Қазавтожол» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры:

- Ақмола облысының жолдарында қазір 150 техника жұмыс істеп жатыр. Олардың жанармайлары мен көктайғаққа қарсы материалдары толығымен жеткілікті. Одан бөлек, аймақ бойынша 15 жылыну бекеттері тағы бар. Көп көліктердің аязда қалып қоятыны, олардағы дизельді отын қыстық емес. Сондықтан, ол 30 градус суықта қатып қалады

Хабар 24 телеарнасы