386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат республикалық бюджет жобасын Мәжіліске кері қайтарды

  • 628

ҚР Парламентінің Сенаты алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасын Мәжіліске кері қайтарды.

Депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет резервінен келер жылға 26,1 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Бұл қаражат аймақтағы мәселелерді шешуге жұмсалмақ. Атап айтқанда, көлік жолдарын салып, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етумен қатар, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталып отыр. Сенатор Рашит Ахметовтің айтуынша, жаңа бюджет жобасында осы мәселелерге жіті көңіл бөлінбеген. Сондықтан халық қалаулылары заңнамаға тиісті өзгерістер енгізді. Ал, аталған мақсатқа Үкімет резервінен 2018 жылға 16,8, ал 2019 жылға 10 млрд-тан астам теңге бөлінді.

Рашит Ахметов, ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы:

- Депутаттардың ұсыныстары түсті. Ұсыныстар жергілікті мәселелерге байланысты. Газ жобаларын шешу, сондай-ақ, су, жол мәселесін шешу. Сондай мәселелерге көп бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы