376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада заңгер-робот адам жұмысын азайтпақ

  • 933

Украинада алғашқы заңгер-робот көпшілік назарына ұсынылды.

Салық жүйесін жақсы меңгерген құлтемір қажетті құжаттарды жинап, жеке кәсіп ашамын дегендерге компаниясын тіркеуге көмектеседі. Заңгер-роботты жалдау үшін сіз сайтқа кіріп, тапсырыс беріп, бір биткоин төлеуіңіз керек. Ақшалай бұл дүние 770 доллар тұрады. Есесіне заңгер сізге жыл бойы кеңесін беріп, көмектесіп отырады. Жасанды интеллект иесімен сөйлесу барысында ол барлығын қабыл алып, сіздің тапсырмаларыңызды екі етпей орындайды.

Нестор Дубневич, Lexnet.LO компаниясының серіктесі:

- Құлтемір дайын үлгі бойынша қызмет көрсетіп, сіздің тапсырмаларыңызды екі етпейді. Ал сіз ол уақытта өзге де маңызды шаруалармен айналыса бересіз. Заң бизнесі үшін бұл таптырмас құрал. Оның бағдарламасы Украина заңнамасына арналып жасалған. Дегенмен, посткеңестік елдердің заңдары ұқсас болғандықтан, көршілес елдерден де сұраныс көп.

Әзірге бот тек бір ғана функцияны - бизнесті тіркеуді ғана орындай алады. Құрастырушылар жақын арада қызметтер санын көбейтеміз деп отыр. Мамандардың айтуынша, 5-6 жылда бұл роботтар дипломы бар заңгерлердің "нанын тартып" алуы да ғажап емес.

Рустам Колесник, «Юридическая Практика» баспасының шеф-редакторы:

- Бұл жоба түбінде заңгерлердің санын азайтады. Қоғамда санаты төмен заңгерлер жоғалады. Сол кезде заңгерлік компаниялардың басшылары жаппай осы техникаға жүгінетін болады. Себебі роботтың қызметі артып, олар бірнеше адамның қызметін атқара беруі мүмкін. Әрі бағасы да арзан болса.

Құрастырушылардың есебі бойынша құлтемірдің көмегіне жүгінген компаниялар бір жылда 2 мың ақш долларын үнемдейді. Ал тұтынушыға қызметтің бұл түрі 4 есе арзанға түседі.

Авторлары: Ермұхамед Мәулен, Анна Панащук, Михаил Мищенко.

Хабар 24 телеарнасы