384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандықтар газды жаппай тұтына бастады

  • 568

Көгілдір отынды алғашқылардың бірі болып рухани астанадағы «Сауран» мөлтек ауданының тұрғындары жақты.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралімен келіп жатқан жоғарғы қысымды газды қабылдап алып, елді мекендерге бөліп тарататын станцияның құрылысы 2014 жылы аяқталған болатын. Қазір ол жүйеге 500 тұтынушы қосылды. Тағы 7 мың жеке тұрғын үйге газ құбырлары тартылған. Олар да алдағы уақытта жүйеге қосылады. Құрылысқа облыс есебінен 1 миллиард 120 миллион теңге бөлінген. Осы газ құбыры арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында 733 мыңнан астам халқы бар 7 аудандағы 284 елді мекен толықтай газдандырылатын болады.

Бибіажар Дүйсенбаева, Түркістан қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі бір жаңалық, үйімізге көгілдір газ отын келді. Жарқырап жанып тұр, көптен күткенбіз. Жас кезімізде келін болып отын-судың таршылығын көргенбіз. Жұмыспен жағаласып өмірбақи от жағып, күл шығарып, артық жұмыс істеп жүрген иығымыздан түсіп, мінекей, келіндеріміз де, бала-шағамыз да қуанып, көгілдір отын келіп, мәз-мейрам болып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы