386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасында «ЖЖЖ Корпоратив» сериалы басталады

  • 850

Банк қызметкерлері жаңажылдық кешті қалай өткізеді?

Өзге мекемелердің мерекелік тойынан несімен ерекше? Бұл туралы «Хабар» телеарнасының жаңа жобасынан біле аласыздар. Мерекеге орай түсірілген «ЖЖЖ Корпоратив» сериалы бүгін кешкі сағат 20.15-те басталады. Бұл фильм бұған дейін көрерменнің ықыласына бөленген «Сүрбойдақ» сериалының жалғасы. Оқиға сол «Қарыз Банкте» өрбиді. Банк менеджерлері Жаңа жыл алдындағы қарбаласта күнделікті жұмыстарымен бірге жеке шаруаларын да шешуге асығуда. Кімнің мерекелік кештен қалғысы келсін?

Дархан Дайырбек, актер:

- Мемлекет болғаннан кейін, халық болғаннан кейін оның арасында айырбас, сауда жүреді. Сол банктің «Қарыз Банк» аталуы, осы банктегі халыққа несие беру жағынан қызықты. Жағдайдың бәрі осы халықтың өзінің көкейінде жүрген нәрсе. Басында жүрген нәрсе.

«Сүрбойдақтағы» Қадырбек бұл жолы үйленіп, шаңырақ көтерген. Енді көптен күткен жаңажылдық кешке әйелінен қалай сұранарын білмей әлек.

Әбунасыр Серіков, актер:

- Мен енді оның бәрін айтатын болсам қызық болмайды. Оның бәрін Жаңа жылда отырып көру керек.

Ақ сақалды қарт маман келгеннен кейін банкте ғажайып оқиғалар бола бастайды. Тіпті жастар жағы көп дүниеге өздерінің көзқарасын өзгертеді.

Әуез Әуезов, сценарий авторларының бірі:

- Көрерменге көп тосынсый дайындап қойдық. Сюжеттік оқиғалары қызық. Бұл қағытпа қалжың мен мейірімге толы сериал.

Мұнда әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй және махаббат та бар. Алты сериялық фильм «Хабар» арнасында бүгін кешкі сағат 20.15-те басталады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұқит Құдықбаев.

Хабар 24 телеарнасы