384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эстафета алауы еліміздің батыс өңірінде де тұтанды

  • 792

Эстафета алауы еліміздің батыс өңірінде де тұтанды.

Оралда есімі елге танымал тұлғалар алау ұстап, қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтті. Эстафета алауы бүгін сағат 10:00-де еліміздегі ең байырғы жоғарғы оқу орындарының бірі Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанында тұтанды. 28-ші Универсиаданың алауы қолына алғаш болып тиген ел мақтанышы, Риода өткен олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионова кейін оны Азиадада байдарка және каноэ есуден ел мерейін асқақтатқан спортшыларға табыстады. Салтанатты шараның бірінші кезеңінде универсиада алауы Достық және Еуразия даңғылы арқылы жүріп өткенін айтқым келеді. Волейбол, бокс, самбо, ауыр атлетика мен шахмат секілді спорт түрлері бойынша өтетін байрақты бәсекелерде өңір намысын қорғап жүрген жас спортшылардың айтар ойы ортақ.

Артур Үмбетқалиев, грек-рим күресінен жастар арсында Азия және Әлем чемпионы:

- Бүгін міне осындай керемет шарада тұрмыз. Біздің Орал қаласында эстафета алауы жағылып жатыр. Мен өзім екінші болып жүгіргелі жатырмын. Өзім грек рим күресіне жастар арасында Әлем чемпиоаны, Азия чемпионы боламын. Барша отандастарымызға батықазақсандықтар қолдау көрсетейік, жанкүйер лайық. Бүкіл жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын. Жерлесте імізге жеңіс тілеймін.

Ел мерейін асырған шараның екінші кезеңі Мұз спорт сарайында жалғасын тапты. Бұл жерде жерлестеріміз Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағалиев, Анита Ногай мен Айдар Бекжанов және Нұртілек Қажығали сынды саңлақтар жаттығып жүр. Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін спортшылардың жетістігіне жас буынның қызыға қарайтыны рас. Ал, Эстафета алауы қаладағы көрікті мекеннің бірі теннис кортында мәреге жетті.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов.

Хабар 24 телеарнасы