387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Биатлоннан Қазақстан құрамасы күміс медальді жеңіп алды

  • 811

Универсиада ойындарында биатлоншылардың аралас эстафета бағдарламасы мәресіне жетті.

Тоғыз мемлекеттен 36 спортшы қатысқан жарыста жерлестеріміз күміс жүлдеге ие болды. Әлемдік сайысқа 2005 жылы енгізіліп, спорттық бағдарлама саналатын аралас эстафетаға біздің төрт атлетіміз қатысты. Олар Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов. Алты шақырымдық қашықтықта қос қызымыз алға шығып, өзге спортшыларды бір жарым минутқа қалдырып кеткен болатын. Алайда жігіттер жағы жақсы нәтиже көрсете алмады. Нәтижесінде өкшелеп келе жатқан ресейлік спортшылар соңғы шақырымда озып кетті.

Дарья Усанова, Универсиаданың күміс жүлдегері:

- Мен қатты толқыдым. Өйткені Галина маған дейін жақсы нәтиже көрсетті. Бұл командалық жарыс болғандықтан, әріптестерімнің жетістігіне нұқсан келтіруге құқығым жоқ. Жалпы Универсиада басталғалы бері мен алғаш рет атыс алаңында мүлт кетпедім.

Хабар 24 телеарнасы