380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда мерейлі мереке қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан» монументі ашылды

  • 570

Таразда мерейлі мереке қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан» монументі ашылды.

Халықтың асқақ рухы мен ел іргесінің беріктігін бейнелейтін азаттық нышаны орталықтағы Төле би көшесі бойында орналасқан. Биіктігі 14 метрлік монументтің жоғарғы жағында киелі шаңырақ пен «Қазақстан - 2050» стратегиясының белгісі бар. Көнеден – жаңаға, бабадан - балаға мұра болатын еңселі сәулет туындысы ұрпақ сабақтастығының бойтұмары болып тұр. Бұл жер келешекте жас ұрпақты ізгілік пен Отансүйгіштікке үндейтін үлгілі орынға айналмақ.

Арғынбай Бекбосын, қоғам қайраткері:

- Осыны көрген сайын келер ұрпаққа сан замандар бойына халқымыздың сол азаттықты қалай бекемдеу керектігін әр дайым ойланатыны күмәнсіз. Ой салатын ертеңге жарқын үмітпен, асыл арманмен берік сеніммен қарауға жетелейтін қасиетті күрделі ескерткіш.

Хабар 24 телеарнасы