Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адам капиталы – Елбасы Жолдауындағы басты артықшылықтың бірі

  • 1297
  • UPD: 10:04, 07.02.2017

Адам капиталы Мемлекет басшысының Жолдауындағы айқын көрсетілген басты артықшылықтың бірі.

«Возрождение» атты Қазақстан немістері қауымдастығының Алматыда өткен конференциясында қазақстандықтар тұрмысын жақсарту үшін нақты міндеттер сараланды. «Жақсы білім беру, қуатты медицина және лайықты әлеуметтік қамсыздандыру да елдегі экономикалық өсімді арттыруға оң ықпал етеді», - дейді конференцияға қатысушылар. Артур Бартель мың жарым мүшесі бар неміс жастары ұйымын басқарады. Қоғамдастық мектеп оқушылары мен студенттерге арналған түрлі білім беру жобаларын жүзеге асырып жүр. Бұл одақ енді ауыл жастарын тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасына тартуға қам жасап жатыр.

Артур Бартель, Неміс жастары одағының төрағасы:

- Бұл міндеттерді аудан орталықтарында, ауылдарда бөлімшілер ашу арқылы орындамақпыз. Әрине, біз Жолдауда айтылған тағы бір басымдылық, яғни техникалық білім беруді дамыту ісіне негіз етіп аламыз. Осы бағдарламамыз арқылы біз ауыл жастарын техникалық мамандықтарға тартамыз.

Леонид Питаленко, ҚХА Төрағасының орынбасары:

- Жолдаудағы көрсетілген IT-технологиясын енгізу, оны басқару сияқты мәселелерді тек білімді адамдар ғана шеше алады. Ал бүгінгі білім беру ісі жаһандану әлемі біздің алдымызға қойып отырған талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан білім беру саласы ең алдымен жаңа бағдарламаларды, жаңа оқулықтарды, жаңа технологияларды енгізу мен дамытуды және жаңа техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді қолға алуы керек.

Хабар 24 телеарнасы