Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада ойындарын ұйымдастырушылар мен еріктілерге арналған спорттық киімдерге сұраныс артып келеді Featured

  • 2671
Универсиада ойындарын ұйымдастырушылар мен еріктілерге арналған спорттық киімдерге сұраныс артып келеді

Универсиада ойындарын ұйымдастырушылар мен еріктілерге арналған спорттық киімдерге сұраныс күн сайын артып келеді.

Киім үлгілерінің дизайны Алматы облысы, Қарасай ауданындағы тігін фабрикасында сызылды. Қазірдің өзінде фабрикада Универсиадаға арналған 33 мың дана спорттық киім тігілген. Орташа бағасы 35 мың теңге.

Іргелі ауылында орналасқан «Алтын жұлдыз» тігін фабрикасы Универсиаданы өткізуге арналған спорттық киімдерді тігу үшін мемлекеттік тендерді жеңіп алған. Бұған дейін тек арнайы қызмет киімдерін тіккен фабрика бір жыл ішінде спорттық киім үлгілерін шығара бастапты. Ал Универсиаданы ұйымдастырушыларға арналған киім қызыл, еріктілер үшін жасыл түсті болады.

Жанат Алтынқадыс, фабрика басшысы:

- Жартылай комбинезон. Бұл спортшыларға ыңғайлы болсын, суық өткізбесін, жеңіл болсын, су өткізбесін деген мақсатпен осы жартылай комбинезонды тіктік. Бұның ішінде олимпика деп аталады ғой. Бұны спорттық жемпір дейміз.

Фабрикада екі ауысымда 107 адам еңбек етеді. Әр тігінші бір күнде 5 киім тіге алады. Мақта-мата сырттан әкелінеді. «Біз де дүбірлі жарысқа үлесімізді қосып жатырмыз. Спортшыларымызға тек жеңіс тілейміз», - дейді тігіншілер.

Әлия Жексенбекова, тігінші:

- Осы жарысқа киім тігіп жатқанымызға өте ризамыз. Сапалы әрі жақсы. Бірінші орын алуларына тілектеспіз. Осындай үлесімізді қосып жатқанымызға бәріміз қуанып жатырмыз.

Фабрика мемлекеттік тапсырысты артығымен орындаған. Алайда тапсырыс әлі де түсіп жатыр. Мысалы, тәртіп сақшылары Универсиадада киетін 100 дана күртешеге тапсырыс берсе, алдағы күндері медицина саласы мамандары мен БАҚ өкілдеріне де осындай үлгідегі киімдер тігілмек.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы