427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тау шаңғысы жарысының жүлдегерлері анықталды

  • 2725

Енді 28-ші қысқы Универсиадада тау шаңғысынан өткен жарыстың нәтижелерінен құлағдар етейік.

Қыздар супергигантта бақ сынады. Төрешілер ұсынған тізімде Қазақстаннан екі спортшы тіркелді. Олар Мария Григорова мен Екатерина Карпова. Іріктеу кезеңінде екеуі де үздіктер қатарына ілінген жоқ. Қорытынды есепте тиісінше 29-шы және 28-ші орындарды иеленді. Ресей спортшысы Елена Яковишина бірден топ бастаса, фин қызы Лукко Неа екінші нәтиже көрсетті. Жапон спортшысы Андо Аса үшінші сатыда тұрды. Қорытынды кестеде де үздік үштік өз орындарын сақтап қалды. Елена Яковишина Алматы Универсиадасының чемпионы атанды.

Екатерина Карпова, Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Мұнда келген спортшылардың осалы жоқ. Бірақ Ресей қыздары мықты. Кез келгені жүлде бөлісіне араласады. Біз де шама келгенше жарыстық. Бойда үрей болды. Содан кейін де керемет нәтиже көрсете алмадық.

Хабар 24 телеарнасы