387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отбасылық бюджет. Пәтерді жиһазбен жабдықтаудың үнемді жолдары қандай?

  • 751

Көптен күткен пәтердің кілтіне қол жеткізу – кез келген отбасы үшін үлкен қуаныш. Баспана алған соң немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиһаз алуға қаражат жетіңкіремей жатады. Сол себепті көбіне-көп пәтерді қолжетімді әрі келісті етіп жабдықтау мәселесі туындайды. Мамандар қаражаты тапшы отбасыларға немесе үнемді үй иелеріне отандық өндірістің жиһаздарын сатып алуға кеңес береді. Пәтеріңізді келістіре, кеңдігін сақтай отырып жабдықтауға арналған тағы бір қарапайым кеңес – айналарды пайдаланыңыз. Егер бөлмеңізге үлкен айналы шкаф қойсаңыз, үйіңізді жарық әрі кеңірек етіп көрсетері сөзсіз. Ең бастысы, барынша тырысып, кез келген мәселені шеше алатыныңызға сеніңіз!

Хабар 24 телеарнасы